Cемей0°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Аян Мағзұмов Үкімет Аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды

26-08-2024, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Аян Еранұлы Мағзұмов Үкімет Аппараты басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлады.

Аян Мағзұмов 1987 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Экономист» мамандығы бойынша, Шеффилд университетін (Ұлыбритания) мемлекеттік басқару магистрі дәрежесі бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы бастаған.

2009-2011 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің сарапшысы болып жұмыс істеді.

2011-2012 жылдары — ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль көлігі департаментінің бас сарапшысы. 

2012-2013 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы қызметін атқарды.

2013-2018 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас консультанты қызметін атқарды.

2018 жылғы мамырдан бастап — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімінде сектор меңгерушісі.

2019 жылғы сәуірден бастап — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімінде бас инспектор.

2019 жылдың қараша айынан бастап — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2021 жылғы қазаннан бастап — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімі меңгерушісі.

2023 жылғы ақпаннан бастап — ҚР Үкіметі Аппаратының Нақты секторды және өңірлерді дамыту бөлімінің меңгерушісі.

2024 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР Үкіметі Аппаратының Индустриялық және инфрақұрылымдық даму бөлімінің меңгерушісі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив