27 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
Сейсенбі, 27 тамыз күні, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібінде:
-
Қазақстан Республикасының 2025-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, «2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025-2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» ҚР заңдарының жобалары;
-
Атом энергетикасының даму перспективалары.
Отырыс қорытындысы бойынша Үкіметтің баспасөз орталығында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің, «Қазақстан атом электр станциялары» компаниясының бас директоры Тимур Жантикиннің және Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиевтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.
Отырыстың тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.