Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.01 640.34 6.52

Павлодарда «Архивтік құжаттарды насихаттау және пайдалану» тақырыбында өңірлік семинар өтті

26-08-2024, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Павлодар қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Архивтік құжаттарды насихаттау және пайдалану» тақырыбында өңірлік семинар өтті.

Семинардың мақсаты архив мекемелері қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, сондай-ақ практикалық тәжірибе алмасу.

Семинарға министрлік өкілдері, Абай, Ұлытау, Павлодар, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды облыстарындағы басқарма және мемлекеттік архивтер басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Екі күнге созылған семинар барысында архивтік құжаттарды пайдалану мен жариялау мәселелері бойынша заңнама мен нормативтік құқықтық актілердің негізгі аспектілері, пайдаланушылардың құжаттамалық деректерге қол жетімділігі талқыланды.

Іс-тәжірибелік семинардан соң министрліктің өкілдері Павлодар облысындағы бірқатар архив мекемелерін аралап жұмыс жүргізу барысымен танысып, қызметкерлермен кездесті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив