Қазақстанның білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі жастағы балалардың даму картасы енгізілді
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі жастағы балалардың даму картасын автоматтандырды. Бұл карта балалардың дамуын бақылауға және олардың бойында дағдылардың қаншалықты қалыптасқанын бағалауға мүмкіндік береді.
Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры атап өткендей, бұл карта бастауыш сынып педагогтері үшін балалардың мектеп бағдарламасын одан әрі меңгеруінде маңызды құрал болмақ. Карта цифрлық форматқа ауыстырылып, Ұлттық білім беру деректер базасымен интеграцияланған, бұл мектептерге ақпаратты беруде мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы үздіксіз байланысты қамтамасыз етеді.
Айта кетейік, елімізде 2-6 жас аралығындағы шамамен 1 млн баланы қамтитын 11,5 мыңнан астам мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді.