Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту туралы

26-08-2024, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту және мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі жұмыстардың барысы туралы айтты.

Спикердің айтуынша, мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша 82 мемлекеттік қызметтің мерзімі екі еседен астам қысқарады. Мысалы, шетелде жүрген Қазақстан азаматтарының төлқұжат рәсімдеуі енді 90 емес, 30 жұмыс күнін алады.

Бұдан басқа, проактивті форматты енгізу есебінен 139 мемлекеттік қызметті рәсімдеу процесі барынша жеңілдетілетін болады. Бизнес субъектілеріне арналған көптеген лицензиялар мен рұқсаттар автоматты түрде ұзартылады.

Спикер атап өткендей, 48 мемлекеттік қызмет бойынша ұсынылатын құжаттардың тізбесі оңтайландырылуда. Бұл азаматтар жыл сайын іздеуге және ұсынуға мәжбүр болатын шамамен 550 мыңдай құжатты құрайды. Мысалы, бірқатар қызметтер бойынша азаматтарға дипломдар, еңбек кітапшалары, еңбек шарттары, медициналық анықтамалар ұсынудың қажеттілігі жоқ болады, өйткені олар бойынша мәліметтерді мемлекеттік органдар ақпараттық жүйелерден ала алады.

38-ден астам мемлекеттік қызмет онлайн қолжетімді болады, бұл азаматтарға оларды кез келген уақытта үйден шықпай-ақ ресімдеуге мүмкіндік береді. 24 қызмет бойынша келісу процестері автоматтандырылады, бұл оларды алуды едәуір жеделдетеді.

Сондай-ақ 8 мемлекеттік қызмет бойынша азаматтарға бұдан былай көптеген анықтамалар мен құжаттарды жинап, мемлекеттік органдарға ұсынудың қажеттілігі жоқ. Бұл мәліметтер мемлекеттік органдар үшін «электрондық үкімет» порталында және үшінші тұлғалардың анықтамалар алу сервисі арқылы қолжетімді болады.

Бірқатар мемлекеттік қызметтер бойынша 9 комиссияның қызметі артық құрамдас бөлік болуына байланысты қызмет көрсету мерзімін негізсіз арттырады. Қорғаныс, ауыл шаруашылығы, мәдениет, сауда, өнеркәсіп және құрылыс салаларындағы комиссияларды тарату бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Биылдың өзінде осы комиссиялармен 17 мыңнан астам өтінім қаралған. Олардың әрқайсының отырысына орта есеппен үш күн кететінін ескерсек салдарын түсіну қиын емес.

Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бойынша Агенттік  жүргізіп жатқан ауқымды жұмыс нәтижесінде әртүрлі рәсімдердің шамадан тыс саны, азаматтардың уақыты мен қаржылық шығындары айтарлықтай қысқарады, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді алудың ашықтығын, қолжетімділігі мен ыңғайлылығын арттыру күтіледі. Аталған шаралар азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарланған сервистік және тиімді мемлекет құру жолындағы маңызды қадам саналады.

Брифинг барысында мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту мәселесі бойынша Президент Жарлығының іске асырылу барысы туралы айтылды. Тапсырма берілген сәттен бастап 700-ден астам бюрократиялық кейстер дайындалып, оларды шешу бойынша Үкіметке ұсыныстар енгізілді.

Мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыс нәтижесінде мемлекеттік аппарат өзінің күнделікті қызметінде кездесіп жүрген 80-нен астам бюрократиялық кейстер бойынша ұсыныстардың іске асырылуына қол жеткізілді.

Мысал ретінде формализм мен бюрократия белгілері әлі де байқалатын мемлекеттік сатып алу саласындағы реформа келтірілді. Соңғы 3 жылда 2 млн. астам конкурстық рәсімдер жарияланған. Осы уақыт ішінде баламаның болмауына байланысты 90 мыңға жуығы өткізілмеген деп танылған.

Тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін мемлекеттік сатып алу рәсімін кешіктірмей, конкурсты бірінші реттен-ақ өтті деп тану үшін кем дегенде бір әлеуетті өнім берушінің талаптарға сәйкестігі жеткілікті болады.

Сатып алу саласында әуре-сарсаң орын алуының тағы бір себебі –шағымдану құқығын асыра пайдалану. Өткен жылдың өзінде 750 мың конкурстың 3,5 мыңы бойынша шағымдар түскен, оның ішінде шағымдардың жартысы негізсіз болып шықты және расталмады.

Шағым негізінде конкурстық рәсімдерді тоқтату қысым жасау мен саудаласудың құралына айналды.

Сондықтан 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұндай шағымдарды қарай алатын тұлғалар саны қысқартылады да оларды тек сатып алуды ұйымдастырушы немесе сот қарайтын болады.

Брифинг соңында мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту бойынша энергетика, су ресурстары және төтенше жағдайлар салаларында жүргізілетін мониторинг пен талдаудың кезекті кезеңінің алдағы жоспарлары туралы айтылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив