ҚТЖ Қытайдан Қазақстанға автомобиль тасымалдауды жүзеге асыруда
2024 жылғы 23 тамызда Алтынкөл станциясында Қытайдан жеткізілген автомобильдердің ірі партиясы сәтті қабылданды. Осы тасымалдау шеңберінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы автоторларға орналастырылған 280 автомобиль жеткізіледі.
Бұдан әрі автомобильдер соңғы нүктеге — Алматы қаласына дейін жеткізіліп, логистикалық тізбек аяқталады.
Бұл жоба компанияның Қазақстан мен Қытай арасындағы сенімді жүк тасымалдау қатынасын қолдау жөніндегі табысты стратегиясының іс жүзіндегі көрінісі болып табылады.
Бұл ретте, тасымалдауды жүзеге асыратын ҚТЖ-ның еншілес компаниясы - "KTZ Express" АҚ әртүрлі жүктерді тасымалдау бойынша жоғары сапалы қызметтерді ұсына отырып, өңірдегі жетекші логистикалық оператор ретінде өз позициясын нығайтуды жалғастыруда.