Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

ІІМ басшысы полицей әйелдерді көктем мерекесімен құттықтады

7-03-2023, 11:19 Думан Кенжеғазыұлы

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай ІІМ-де арнайы шара өтті. Ведомство басшысы Марат Ахметжанов мінсіз қызметімен ерекшеленген, спортта, өнерде биік белестерді бағындыра білген, жұмыс пен үй шаруасын қатар алып жүрген нәзік жанды сақшылармен кездесті.

– Ішкі істер органдарында жұмыс істеу әр азаматтың қолынан келе бермейді. Осындай тынымсыз, мазасыз жұмысқа келіп, халық игілігі үшін қызмет етіп жүрген сіздерді батыр қыздар деп есептеймін, – деді министр.

Дарыны мен даналығы келіскен арулар қызмет бабындағы қызықты сәттерімен бөлісіп, министрлік басшылығына өз алғыстарын білдірді.

– Мынау іс-шараны ұйымдастырған сіздерге алғысымыз шексіз. Ару қыздар, сіздерге зор денсаулық тілеймін. Ешқашан мойымаңыздар! Келешекке деген сеніміміз әрқашан мәңгілік болсын!, – деді Геральдика тобының бас сарапшысы Гүлбибі Алғазинова.

Әр өңірден ат терлетіп келген сұлулардың арасында өз өнерлерін ортаға салғандар да болды.

Шаңырағының шырағын жағып қана қоймай, қоғамның тыныштығын күзеткен арулар бүгінде полицияның әр саласында бетке ұстар маман. Солардың бірі де бірегейі Алтынай Жолымбекова Түркістан облысында аға тергеуші болып қызмет етеді. Полиция майоры қоғамда резонанс тудырған қаржы пирамидалары бойынша қылмыстық істерді тергеп, сотқа жолдаған.

– Тергеуде табандылық қажет, шыдамдылық қажет. Қажырлы болу керек. Тергеу саласында жалпы жұмыс істеп жатқаныма 17 жыл болды, – деді Түркістан облысы ПД тергеу басқармасының аға тергеушісі Алтынай Жолымбекова.

Қарағандылық ару Аян Әмзе – кәсіби спортшы. Оның қоржынында көптеген әлемдік, халықаралық және республикалық додалардың жүлделері бар. Спортты серік еткеніне 7 жыл толыпты. Енді ол көк байрақты желбіретіп қана қоймай, халық игілігі үшін қызмет етемін дейді.

– Туымызды көтеріп, Отанымыздың намысын қорғау – әрбір спортшының арманы. Бір апта бұрын ғана Тайландта өткен джиу-джитсуден Азия Чемпионатында алтын алқа таққан болатын. Маған сеніп, осындай мүмкіндік сыйлаған жандарға алғысым шексіз, – деп атап өтті ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының курсанты.

Еңбегі елеулі, қызметі мінсіз аруларды ведомство басшылығы мерейлі мерекемен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив