Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
538.2 629.64 6.34

Қос зияткер республикалық олимпиададан жүлделі оралды

28-08-2024, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

World Robot Olympiad (WRO) — бұл халықаралық робототехникадан өтетін жарыс, ол жыл сайын мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылады. Бұл шара әлемнің түрлі елдерінен жасөспірімдерді бір аренада жинап, олардың робототехника және инженерлік шығармашылық саласындағы дағдыларын көрсетуге мүмкіндік береді.

Семей қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің команда құрамасы робототехникадан Алматы қаласында өткен WRO-2024 республикалық сайыста жүзден жүйрік шығып, жеңіс тұғырынан көрінді.

11 сынып оқушылары Ильяс Махатов пенАмир Берекенов  («Avangard» командасы) RoboSports санаты бойынша жүлделі екінші орын иеленді.  

Дәстүрлі олимпиаданың әр жылы белгілі бір тақырыпқа арналады. Биыл  «Жер-Ана қамқоршылары» тақырыбында өткен ұлттық олимпиадада екі күн бойы роботехниканың 4 түрінен 300-ден астам оқушы сынға түскен. 

Сондай-ақ, аталмыш сайысқа қатысқан білім ордамыздан қатысқан жас робототехниктеріміз үздіктер рейтингісінен көрінді. Атап айтқанда, RoboMission Senior санаты бойынша «SGMZ» командасы – Жантолы Мұратқалиев, Исмаил Мұхамедьяр, Future Engineers санатында «Retired Engineers» командасы – Әлемжан Ахметжанов, Дәулет Серікғали  үздік атанды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив