Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Абай облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

29-08-2024, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

«Мерейлі отбасы» байқауы отбасылық құндылықтар-берік достық, сүйіспеншілік, өзара сыйластық, болашақ ұрпақты, еліміздің нағыз азаматтарын тәрбиелеуге бағытталған.

Абай облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Арман Жемагулов жалпы байқауға облыстың барлық аудандарынан 100-ден астам отбасы қатысып, облыстық кезеңге 21 отбасы іріктелгенін ерекше атап өтті.

Байқау қорытындысы бойынша I орынды Бесқарағай ауданынан келген Смағұловтар отбасы, II орынды Абай ауданынан Оразалы отбасы, III орынды Үржар ауданынан келген Кәп отбасы және Семей қаласынан Нұрахметовтар отбасы иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер естелік сыйлықтар, сондай-ақ ақшалай сертификаттар алды. Салтанатты іс-шара соңында қонақтар үшін мерекелік концерт өткізілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив