Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.96 533.03 5.22

7 адам улы газдан уланды

7-03-2023, 14:00 018.kz

2023 жылғы 7 наурызда Тараз қаласындағы  Ш. Уәлиханов 2-ші тұйық көшесіндегі жеке тұрғын үйде сағат  00-15 те табиғи газбен жылыту пешін пайдалану ережелерін бұзу себебінен түтін мұржасы тазартылмағандықтан бір отбасынан 5 адам улы газдан уланып, ауруханаға жатқызылды. Бұл 2010, 2012, 2015 жылы туған балалар мен олардың 1964 және 1975 жылы туған ата-анасы.

Жамбыл облысының құтқарушылары тәулік бойы халықты түрлі сипаттағы төтенше жағдайлар мен өрттен қорғау жолында күндіз-түні көз ілмей еңбек ететіні белгілі. Соңғы уақыттары облыстың көптеген аудандарында қарлы-боранды ауа-райы жиі орын алып, құтқару жұмыстары бойынша ақпараттар БАҚ арқылы көпшілікке жарияланғаны белгілі.

Ағымдағы жылдың 6 наурызында жедел жәрдем станциясының кезекші диспетчерінен Аягөз қаласында Линейная көшесінде екі ер адам улы газдан уланғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Ақпарат жинау барысында жылыту пешін пайдалану талаптары бұзылғандықтан улану алынғаны анықталды, атап айтқанда ақаулары, жарықтар мен тесіктері бар пешті жағу жүзеге асырылды.

Құрметті азаматтар!  Газ жабдығын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыз.

ТЖМ жеке үй құрылыстарының иелерінен пештерді пайдалану кезінде келесі қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды:

- жанып жатқан пешті қараусыз қалдырмау қажет;

- пеш қалауында жарықтардың болуы, бітелген мұржа қайғылы салдарға әкелуі мүмкін;

- пештерді пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарда көзделмеген жанғыш заттарды (қатты, сұйық, газ тәрізді) отын ретінде қолдануға болмайды;

- көмір жанғанша пеш жапқышын жаппаңыз;

- жағу үшін дайындалған отынды, сондай-ақ басқа да жанғыш заттар мен материалдарды жағу алдындағы жерге орналастырмаңыз;

- жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киім, киім, отын) пеш пен түтін жолдарының бетінен 0,5 м кем қашықтықта кептіруге болмайды;

- күл мен қожды сумен төгіп, қауіпсіз жерге шығару қажет;

Естеріңізде болсын, улы газ қауіпті, ол тез әрі білінбей әрекет етеді, сондықтан өміріңіз бен денсаулығыңыз қабылданған шаралардың жылдамдығына байланысты. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

Қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтайық!

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив