Абай облысында қосымша денсаулық сақтау нысандары салыну жоспарлануда
Бүгінде Халықтың медициналық қызметтерге деген қажеттілігі жоғары. Ауруханалар, амбулаториялар мен емханалар жеткіліксіздігіне байланысты инвесторлар есебінен өтеусіз негізде құрылыс басқармасы Денсаулық сақтау саласының қосымша 7 объектісін салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлемек. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз маслихатында басқарма басшысы міндетін атқарушы Шыңғыс Риаханов баяндады.
Сонымен қатар, Семей қаласының оң жағалауында 300 адам қабылдайтын емхана ашылмақ. Бұл жобаның құны-3,2 млрд теңге және оған да жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Арнайы сараптама қорытындысын 2025 жылдың қаңтар айында алу жоспарланған.
Сондай-ақ , Семей қаласының сол жағалауында 300 келушіге арналған емхана салу, 400 төсек-орынға арналған облыстық көпбейінді аурухана салу, Семейдегі ядролық медицина және онкология орталығының хирургиялық корпусын салу және қаланың сол жағалауындағы жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясының ғимаратын салу жоспарда бар.