Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
488.37 559.77 6.64

Нидерланды сарапшылары су саласындағы тәжірибелерімен бөлісуде

30-08-2024, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Астанаға келген нидерландылық сарапшылар су саласындағы тәжірибелерімен бөлісіп жатыр. Шетелдік мамандар су тасқыны қаупін болжау тақырыбында семинар өткізуде. Іс-шара осы жылдың мамыр айында Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Дельфт су білімі институты (IHE Delft) арасында қол қойылған меморандум аясында ұйымдастырылды.

Семинарға Су ресурстары және ирригация министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының, География және су қауіпсіздігі институтының және «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының мамандары қатысуда.

Іс-шараның басты мақсаты - су тасқынына қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысатын қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру. Семинар 30 тамызға дейін жалғасады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив