Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Ақтөбеде Қазақстандағы ономастика саласын жетілдіру мәселелері қаралды

30-08-2024, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Ақтөбе облысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Ономастика: Ұлттық танымға бетбұрыс» тақырыбында республикалық семинар өтті.

Мамандар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ономастика саласын орталықтандыруға қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілген заң нормаларын түсіндірді. Жаңартылған «Тарихи тұлғалар», «Жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізіміне, сондай-ақ өзгерістер мен толықтырулары бар әдістемелік ұсыныстарға назар аударылды.

Сонымен қатар, қатысушылар ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп жаңартылған ономастикалық атауларды халық кеңінен қолданатын карталар (Яндекс, 2ГИС) мен навигациялық құралдардағы атаулармен біріздендіру бойынша жан-жақты талқылау өткенін айтты.

Сонымен қатар, семинарда елді мекендердің төл және тарихи атаулары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу мәселелері талқыланып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған ұсыныстар айтылды.

Семинарға Республикалық ономастикалық комиссия мүшелері, өңірлердегі ономастикалық қызметке жауапты басқарма басшылары, сондай-ақ Ақтөбе облысы аудандары әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив