Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

ҚР Конституциясының күніне орай дөңгелек үстел өтті

30-08-2024, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

29 тамыз Қоғамдық келісім орталығы - облыстық Достық үйінде «Конституция адамдардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі ретінде: Заң және Тәртіп» тақырыбында жиын ұйымдастырылды. 

Шараға Ақсақалдар кеңесінің, сот әкімшілігінің, жергілікті атқарушы органдардың, ҮЕҰ өкілдері, этномәдени бірлестіктер мүшелері мен жастар қатысты.

Жиынның мақсаты – Конституцияның ел өміріндегі маңызы мен сан қырлы рөлін көрсету.

Конституция күні қарсаңында өткізілген шараға Абай облысы ішкі саясат басқармасының орынбасары А. Жемагулов қатысып, жиынға қатысушыларды мерекемен құттықтады. 

Жиынның арнайы спикерлері - Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің басшысы Ж. Енсенова, Alikhan Bokeikhan университетінің проректоры М. Матаева, Абай облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкілі Э. Жүнісова және «018.kz» ақпараттық порталының бас редакторы Д. Кенжеғазин және Ассамблея жастарының мүшесі М. Байғазыев. 

Қатысушылар Конституция негізіндегі заң мен құқықтық тәртіп, оның ішінде Абай облысының тәжірибесі, елде болып жатқан жаңа реформалар туралы көзқарас, Қазақстандағы баланың конституциялық құқықтары бойынша жастарға ақпарат берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив