Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.96 533.03 5.22

Қорғаныс министрлігі «Әскер аруы» фотобайқауының жеңімпаздарын марапаттады

7-03-2023, 16:18 Думан Кенжеғазыұлы

Марапаттау Астанадағы Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында өтті.

8 наурыз мерекесіне арналған байқауға әскери қызметші әйелдердің сауалнамалары мен фотосуреттері бар 50-ден астам өтінім келіп түскен болатын. Қорғаныс министрлігінің ресурсына байқау шарттарында бекітілген техникалық талаптарға жауап беретін 26 фотосурет іріктеліп алынды.

Жеңімпаздар Қорғаныс министрлігінің https://instagram.com/modgovkz ресми парақшасында дауыс беру арқылы анықталды. «Әскер аруы» фотобайқауы әскери қызметшілердің сұлулығын ғана емес, сонымен қатар байқауға қатысушылар игерген мамандықтардың алуан түрлілігін де көрсетті.

Бас жүлдеге Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасының баспасөз хатшысы аға лейтенант Әсем Әбдірайымова (5,7 мың лүпіл) ие болды. Ол 2023 жылғы президенттік көпсайыстан Қарулы күштер чемпионатының жүлдегері, сондай-ақ қалалық волейбол әуесқойлары лигасының жүлдегері атанған «Diamond» волейбол командасының капитаны.

Лүпілдер саны бойынша тағы үш орын анықт анықталды. Бірінші орынды Абай өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасы әскери полиция бөлімінің маманы ефрейтор Камила Омарбекова (4,8 мың лүпіл) жеңіп алды. Екінші орын Қостанай облысы Рудный қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің есепке алу және жұмылдыру ресурстары қызметінің бастығы аға сержант Адия Нұрпейісованың (3,2 мың лүпіл) еншісінде. Үшінші орынды 54380 әскери бөлімі байланыс торабының маман-механигі ефрейтор Әзиза Әбдірайымова (3,1 мың лүпіл) иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер фотоконкурс атрибуттары бар дипломдармен және кәдесыйлармен марапатталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив