Семей қаласының мектептерінде алғашқы қоңырау соғылды
Еліміздің барлық аймақтарында, жаңа оқу жылы басталып, «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында 1, 11 сынып оқушылары үшін салтанатты шара өткізілді. Семей қаласында 2024-2025 оқу жылында 5527 бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттады.
Оқу жылының басталу мерекесі Бүгін Семей қаласының № 6 гимназиясында да өтті. Гимназия биылғы оқу жылында 215 бірінші сынып оқушыларына есігін айқара ашты. Биылғы оқу жылында гимназияда 120 түлек бар. Салтанатты шараға Семей қаласы әкімінің орынбасары Хамзаев Арайбек Аманкелдыевич қатысып, оқушыларға, ұстаздарға және ата-аналарға жылы лебізін білдіріп, жаңа оқу жылының маңыздылығына тоқталып кетті.
«Сіздердің игіліктеріңіз үшін жасалынып жатқан қамқорлық пен зор қолдаулардың арқасында білімдеріңізді толықтырып, жарқын жетістіктерге қол жеткізіп, жаңа белестерді бағындыруларыңызға тілектеспін!» - деді қала әкімінің орынбасары Арайбек Хамзаев.
Тағыда оқыңыз
Абай облысының барлық мектебінде алғашқы қоңырау соғылдыАбай облыстық мәслихатының сайлауына қатысатын партиялық тізім тіркеуден өттіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіҚазақстандық мектептердің 6,8 мың түлегі – «Алтын белгіге» үміткерҮржар аудандық мәслихатының депутаттығына бірмандаттық округ бойынша кімдер ұсынылды?