Абай облысы бойынша 5307 адам тұрақты жұмысқа орналасқан
Ағымдағы жылы облыста 23 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз маслихатында «Абай облысының еңбек мобильділігі орталығы» КММ директоры Тұрсын Еркебұлан баяндады.
Сонымен қатар жұмыс берушінің өтініміне сәйкес 276 адамды кәсіптік оқытуға жолдау жоспарланған, - деп атап өтті Тұрсын Еркебұлан.
Биылғы жылдың қыркүйек айынан бастап облыс бойынша 5307 адам тұрақты жұмысқа орналасып, 6115 адам субсидияланатын жұмыс орындарына орналасқан.
Спикердің айтуынша, жыл басынан бері 200 адам кәсіптік оқытуға жолданып, 79 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Сонымен қатар, жұмыспен қамту бойынша жыл басынан бері 112 бос орындар жәрмеңкесі өткен. Оған 400-ге жуық жұмыс беруші және 7000-ға жұмыс іздеуші азамат қатысты. Жәрмеңке нәтижесінде 144 адам тұрақты жұмысқа орналасса, 767 адам субсидияланатын жұмыс орындарына жолданған. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде «Tanda.enbek.kz» порталында бос жұмыс орындарының онлайн-жәрмеңкесін өткізу жоспарланған.