Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Серік Жұманғарин мен Сербия Премьер-Министрі Милош Вучевич ауыл шаруашылығын цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты талқылады

7-09-2024, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин қазақстандық делегацияның биылғы 5 қыркүйектегі Белградқа ресми сапары аясында Сербия Премьер-Министрі Милош Вучевичпен кездесті.

Тараптар ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, ғарыш және әскери-техникалық салалардағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Вице-премьер Серік Жұманғарин Сербия Қазақстанның Балқандағы жақын және сенімді серіктесі екенін атап өтті. Белградта қазақстан-сербия үкіметаралық комиссиясының III отырысын өткізу өзара қарым-қатынастардың тұрақты дамуын айғақтайды.

Премьер-Министр Милош Вучевич елдер арасында қалыптасқан достық қатынастардың жоғары деңгейін атап өтті. Сербияның цифрлық технологиялар мен ғылыми жетістіктерді ауыл шаруашылығына енгізу саласындағы оң тәжірибесі айтылды. Қазақстанға осы бағыттағы ынтымақтастық мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. 

Қазақстан мен Сербия арасында тұрақты тікелей әуе рейстерін ашу туралы қазақстандық тараптың ұсынысы оң қабылданды.  

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Сербия қатынастары қосымша серпін алып, қарқынды дамуын жалғастыратынына сенім білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив