Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.18 636.05 6.52

Amazon Kuiper: Қазақстанның спутниктік байланыс индустриясындағы жаңа қадам

7-09-2024, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасындағы ғарыштық технологиялар мен спутниктік байланыс саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Amazon Kuiper өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжаттың қабылдануы елдегі спутниктік байланыс индустриясына инновациялар енгізу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Меморандум Amazon Kuiper-дің төменгі Жер орбитасындағы спутниктік байланыс қызметтерін Қазақстан бойынша бірлесіп дамытуға бағытталған. Amazon Kuiper-пен ынтымақтастық жоғары өткізу қабілеттілігі мен төмен кідіріспен жұмыс істейтін спутниктік байланыс арқылы елдің кез келген нүктесінде жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ететін негіз қалайды.

Қазақстанның Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев: «Меморандумға қол қою Қазақстанның спутниктік байланыс индустриясын жаңғырту жолындағы маңызды қадам болып табылады. Amazon Kuiper-мен ынтымақтастық қазіргі заманғы спутниктік технологияларды енгізуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде экономиканың цифрлануына және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді», - деп атап өтті.

Amazon Kuiper өкілі Джефф Киетцман: «Біз министрлікпен ынтымақтастық орнатқанымызға қуаныштымыз және біздің бірлескен тәжірибеміз Қазақстанға  пайда әкелетініне сенімдіміз. Бұл төменгі Жер орбитасындағы спутниктік байланыс мүмкіндіктерін заманауи мәселелерді шешу үшін кеңейтеді», - деп атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив