Cемей31°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
464.77 541.36 5.41

Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенін аралап көрді

10-09-2024, 20:03 Думан Кенжеғазыұлы

«Юбилейный» шағын ауданында орналасқан нысан жақында пайдалануға берілген. Мұнда жергілікті тұрғындар спорттың  шағын футбол, баскетбол, волейбол және үстел теннисі сияқты түрлерімен емін-еркін айналыса алады. Сондай-ақ орталықта жаттығу және хореография залдары жұмыс істейді.  Ерекше қажеттілігі бар жандарға тиісті жағдай жасалған.

Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев Президентке облыс орталығында бұқаралық спортты дамыту шаралары туралы мәлімет берді. Оның айтуынша, қала тұрғындарына  дене шынықтыру нысандарының қолжетімділігін қамтамасыз етуге баса назар аударылады.

Мемлекет басшысы кешендегі залдарды аралап көріп, жергілікті тұрғындармен және жас спортшылармен әңгімелесті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив