Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қазақстан мен Орталық Азия елдері қауіпсіздік саласында Қытаймен күш біріктіруде

11-09-2024, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

10 қыркүйекте Ляньюньган қаласында (ҚХР) ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерінің “Орталық Азия – Қытай” форматындағы алғашқы кездесуі өтті.

Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан ІІМ және Қытайдың Қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің басшылығы қатысты.

Қазақстандық делегацияны ішкі істер министрі Ержан Саденов басқарды.

Отырысқа қатысушылар қоғамдық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың, трансұлттық қылмыс, экстремизм, есірткінің заңсыз айналымы, киберқылмыс және адам саудасы сияқты заманауи сын-қатерлерге қарсы іс-қимылда тәжірибе алмасудың өзектілігін атап өтті.

Сонымен қатар Қазақстанның ішкі істер министрі мен Қытайдың қоғамдық қауіпсіздік министрі арасында екіжақты келіссөздер жүргізіліп, онда қызметтің нақты бағыттары бойынша бірқатар мәселелер талқыланды.

Сапар аясында Ержан Саденов Қоғамдық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың жаһандық форумының конференциясына қатысты. Онда 100-ден астам елдің күштік құрылымдарының өкілдері бой көрсетті.

Қазақстанның ішкі істер министрі әріптестерін қылмысқа қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етіп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде одан әрі ведомствоаралық өзара іс-қимылға және ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін жеткізді.

Сондай-ақ форум аясында Қазақстан ішкі істер министрінің Түркия және Пәкістан ІІМ басшылығымен екіжақты кездесулері өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив