Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
481.19 538.45 5.18

«018.kz» редакциясы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туралы 850-ге жуық материал жариялады

13-09-2024, 17:52 018.kz

«Abay Media Group» ЖШС құрамындағы «018.kz» ақпараттық порталы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ақпарат таратушысы ретінде аталмыш жарысты ақпараттық қолдау мен насихаттауда белсенді жұмыс атқарды. Спорттық шара барысында редакцияның журналистері Абай облысының намысын қорғаған спортшыларды қолдап қана қоймай, бүкіл дүбірлі доданы жан-жақты ақпараттандырды.

Редакция ұжымы құрамында бас редактор Думан Кенжеғазыұлы, фотограф Бексұлтан Матешов, оператор Мұратжан Мұратов бар. Олар Абай облысынан ең алғашқы болып V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының БАҚ аккредитациясынан өтіп, ақпараттық қолдау көрсетуді бастап кетті.

Журналистер елордамыз Астанаға іссапармен барып, дүниежүзілік шараның өту барысын ақпараттық тұрғыдан сүйемелдеп, әлеуметтік желілер мен түрлі платформаларда материалдар жариялап отырды. Сонымен қатар, жарысқа қатысқан жергілікті спортшыларға қолдау білдіріп, олардың жеңісті сәттерін халыққа кеңінен насихаттады.

Жалпы алғанда, «018.kz» редакциясы ойындар туралы 850-ге жуық материал жариялады. Олар:

  • Ақпараттық порталға – 49 материал;
  • Telegram мессенджеріне – 256 материал;
  • Facebook әлеуметтік желісіне – 189 материал;
  • Instagram әлеуметтік желісіне – 53 материал;
  • WhatsApp арнасына – 32 материал;
  • WhatsApp статусына – 253 материал.

Бұл редакцияның тынымсыз еңбегінің нәтижесінде, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туралы қазақстандықтарға толыққанды және уақтылы ақпарат жеткізіліп, халықтың қызығушылығы артты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив