Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Экология және табиғи ресурстар министрі Абай облысына жұмыс сапарымен барды

15-09-2024, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Н. Нысанбаев 2023 жылғы өрттердің салдарын жою жұмыстарымен танысу мақсатында Абай облысына жұмыс сапарымен барды.

Каштак орман шаруашылығында министр ТЖМ әскери бөлімдерімен біріге отырып, күйген орманды тазарту жұмыстарының барысымен танысты. Министр ірі орман өрті салдарын жоюға қолдау көрсеткені үшін ТЖМ қызметкерлеріне алғысын білдірді. Сапар нәтижелері бойынша өрттен зардап шеккен аумақтарды қалпына келтіру жұмыстарын жандандыру жөнінде бірқатар тапсырмалар берілді.

Успен орман шаруашылығында министр инвесторлар бригадалары жүргізіп жатқан өрттен зақымданған орманды тазарту жұмыстарының барысымен танысты. Талқылау барысында министр орман дайындау техникасын лизингке сатып алу мүмкіндігі туралы айтты.

Семей орманы резерватының Семейпалатин, Бородулыха және Новошульбин филиалдарының аумағын әуеден бақылау барысында орман екпелерінің орман патологиялық жағдайына визуалды баға беріліп, өсімдіктерді қорғау және карантині институтының ғалымдарымен бірлесе отырып, күйген ормандарға орман патологиялық мониторинг жүргізу, сондай-ақ өртке қарсы тоқсандық жолақтарды кеңейту мәселелері талқыланды. Резерваттағы тоқсандық жолақтардың ұзындығы 13,0 мың километрден асады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив