Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысында энергетика вице-министрінің халықпен кездесуі өтті

15-09-2024, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтың Абай облысының тұрғындарымен кездесуі барысында өңірдің проблемалық мәселелері талқыланды, сондай-ақ АЭС-ке қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Вице-министр Абай облысының әкімшілік орталығын жылумен тұрақты қамтамасыз ету үшін ЖЭО -3 салу жоспарланып отырғанын хабарлады.

«Осы жылдың маусым айында «Жылу энергетикасы туралы» заң қабылданды, ол саланың мәселелерін, оның ішінде инженерлік желілерді бақылау, дамыту және экологиялық мәселелерді реттеуге бағытталған. Семейде жылыту мәселесін шешу үшін ЖЭО-3 салу жоспарлануда. Өздеріңіз білетіндей, қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді. Құрылыс шамамен 5 жылға созылады, бірақ барлық дайындық жұмыстарын мерзімінде жүргізу қажет», - деп атап өтті Сұңғат Есімханов.

Жаңа ЖЭО қуаты 360 мегаватт болады. Бұл ретте болжамды жылу тапшылығы шамамен 1 000 Гкал құрайды.

«Бұл тапшылық жабылатын болады, бірақ сонымен қатар облыс әкімдігі қолданыстағы жылу көздерін жаңғыртумен және қайта құрумен белсенді айналысатын болады. Бұл жұмыс дәл қазір жүріп жатыр. Біз де өз тарапымыздан қолдау көрсетеміз»,- деп атап өтті вице-министр.

Елдің шығыс бөлігін газдандыруға келетін болсақ, Энергетика министрлігі екі нұсқаны қарастыруда: аймақты өз газымен немесе Ресей Федерациясынан газ маршрутымен қамтамасыз ету.

«Бағыттардың бірі – «Сарыарқа» газ құбырының 2 және 3-кезеңдерінің құрылысы. Дегенмен, Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбырын ұлғайтқанда ғана бұл жобаны жүзеге асыруға болады. Сондықтан «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының барлық кезеңдері мен Бейнеу – Бозой – Шымкенттің екінші желісінің құрылысы бір мезгілде жоспарланған. Газдандыру бойынша мұндай жоспарлар бар, бірақ келіссөздер уақытты қажет етеді», - деді Сұңғат Есімханов.

Энергетика вице-министрі сондай-ақ АЭС салу мәселесі бойынша жоспарланған референдумды талқылаудың маңыздылығын атап өтті.

«Қазір жалпы атом энергетикасын қолдау қажет пе деген мәселесі тұр. Референдумнан кейін қазақстандықтар АЭС құрылысын қолдаған жағдайда, олармен кім айналысатыны туралы мәселе шешілетін болады. Біз Оңтүстік Корея, Франция, Қытай, Ресей технологияларын зерттеудеміз. Бүгінде әлемде 60-қа жуық атом реакторы салынуда. Атом электр станциясының құрылысы елге, оның ішінде Абай облысы үшін де өте сенімді базалық электр энергиясын береді. АЭС 90% - ға дейін тиімділікке ие және жұмыста өте сенімді», - деп қорытындылады Сұңғат Есімханов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив