Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
536.76 630.85 6.45

Энергетика вице-министрі Абай облысы бойынша күзгі-қысқы кезеңге энергетикалық кәсіпорындардың дайындығымен танысты

15-09-2024, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Энергетика вице - министрі Сұңғат Есімханов 2024-2025 жылдардағы жылу маусымына жылу және электрмен жабдықтау объектілерін дайындау мониторингі шеңберінде Семей қаласының жылумен жабдықтау объектілерін аралады.

Аралау барысында жылу көздерінің энергетикалық жабдықтарының ағымдағы жай-күйімен, қаланың жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстарының барысымен және Қарағайлы шағын ауданында блокты-модульді қазандықтың құрылысымен танысты.

Энергия кәсіпорындарының басшылығымен және әкімдік өкілдерімен жылыту маусымына дайындық және жылумен жабдықтау объектілерінде жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізу және уақтылы аяқтау қажеттілігі бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

Өз кезегінде Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық департаменті алдағы жылыту маусымына дайындық үшін жылумен және электрмен жабдықтау объектілерінің негізгі жабдықтарына жөндеу жұмыстарын жүргізу барысына тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив