Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Бүгін мемлекет қайраткері Шырақбек Қабылбаевтың туғанына 115 жыл толды

9-03-2023, 15:05 Думан Кенжеғазыұлы

Шырақбек Қабылбайұлы Қабылбаев бүкіл өмірін құқық қорғау органдарындағы қызметке арнады, екі рет (1954-1959 және 1967-1973 жылдары) Қазақ КСР Ішкі істер министрі қызметін атқарды. Еліміздің құқық қорғау органдарының қалыптасуы мен дамуына, бүгінгі таңда нағыз кәсіпқойларды дайындайтын оқу орындарының ашылуына үлкен үлес қосты. Оның ішінде біздің ІІМ Қостанай академиясы да бар.

1976 жылы 5 шілдеде 68 жасында генерал-лейтенант Қабылбаев Ш.Қ. қайтыс болды. Ш.Қ. Қабылбаевтың ел алдындағы еңбегін және оның ішкі істер саласындағы кадрлық және мемлекеттік саясатты іске асыруға қосқан үлесін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы №1287 қаулысымен Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясына дара тұлғаны еске алу мақсатында Шырақбек Қабылбайұлы Қабылбаевтың құрметті есімі берілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив