Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

АҚШ-та Дональд Трампқа тағы қастандық жасалмақ болды

16-09-2024, 12:00 018.kz

Бұл туралы New York Post басылымы жазды.

АҚШ-тың құпия қызметі Трамптың Флорида штатындағы өзінің гольф клубынан шығып бара жатқан кезде атыс орын алғанын байқаған. 

Бастапқыда күдікті қашуға тырысқан. Артынша 58 жастағы Райан Уэсли Рут есімді азамат ұсталды. Ол Гаваи аралының тұрғыны екен.

Оған қоса гольф клубының маңындағы бұталардың арасынан оптикалық көздеуіші бар АК-47 типті автомат, екі рюкзак және GoPro бейнекамерасы табылған.

АҚШ-тың құпия қызметі мұны қастандық жасауға әрекет деп есептеді.

Қазіргі уақытта Трампқа ешқандай қауіп төніп тұрмағаны хабарланды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив