Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

ҚТЖ-да «Самұрық-Қазына» қорының Жаңа кадрлық саясаты» таныстырылды

9-03-2023, 15:32 Думан Кенжеғазыұлы

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 200 астам HR-мамандары «Қордың жаңа кадрлық саясаты» тақырыбы бойынша Самұрық-Қазына өкілдерімен кездесуге қатысты.

Спикерлер ретінде «Самұрық-Қазына» АҚ адам ресурстарын басқару департаментінің директоры Эльмира Каримова мен Самұрық-Қазына бизнес-академиясының директоры Шолпан Жұмағазиева сөз сөйледі.

Бейресми кездесу барысында спикерлер жаңа кадрлық саясат тек басшыларға ғана емес, қарапайым қызметкерлерге де қатысты екенін алға тартты.

- Ашықтық пен барлығына тең мүмкіндіктер Самұрық-Қазынаның басымдығы болды. 2022 жылы Samruk Qyzmet бірыңғай рекрутингтік порталы толыққанды жұмысын бастады. Бір жыл ішінде портал арқылы бізге 134 мың қазақстандық жүгінсе, соның 7300-і жұмысқа орналастырылды. Қазір кез келген азамат qsamruk.kz арқылы бос лауазымдарға үміткер бола алады, - деп атап өтті Эльмира Каримова.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның HR-мамандары Қордың кадр саясатының жаңа бағыттарымен және негізгі міндеттерімен, сондай-ақ жаңа корпоративтік құндылықтармен танысты. Қор өкілдері кездесуге қатысушылардың жұмысқа орналасуға, жалақы жүйесіндегі ашықтыққа және басқаларға қатысты сұрақтарына жауап берді.

Сондай-ақ, кездесуге қатысушыларға Samruk Business Academy, HR School, IR School, PR School және басқа да Қордың құзыреттерін дамытудың жаңа бағдарламалары таныстырылды.

- Жаңа үрдістермен және үздік HR-тәжірибелермен танысу мақсатында біздің   еншілес компанияларымызға жыл сайынғы HR конференциясына қатысу мүмкіндігі берілді, сондай-ақ Samruk Business Academy-мен жемісті ынтымақтастық ұсынылды, - деп атап өтті Шолпан Жұмағазиева.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив