Cемей4°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.96 533.03 5.22

ҚМА заңсыз майнерлердің қызметінің жолын кесті

16-09-2024, 17:52 018.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай облысында заңсыз майнерлердің қызметінің жолын кесті.

Рудный қаласының аумағында бірқатар адам тиісті лицензиясыз заңсыз майнингпен «Bitcoin» қамтамасыз етілмеген цифрлық активін (криптовалюта) өндірумен айналысқаны анықталды.

Заңсыз «майнерлер» 3 аудан орталығы немесе 27 орта мектеп немесе 13 аурухана тұтынатындай электр энергия көлемін пайдаланған, бұл жергілікті электр желілеріне орасан зор салмақ түсірген.

Тінту нәтижесінде 150-ге жуық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешен (ASIC), оларды салқындатуға арналған құрылғылар, Wi-Fi роутерлер, ұялы телефондар мен ноутбуктер тәркіленді.

Агенттіктің цифрлық активтермен айналысатын арнайы бөлімшесі заңсыз өндірілген «Bitcoin» түскен криптобиржадағы аккаунтарды анықтады.

Алдын ала есеп бойынша заңсыз қызметтен түскен қаржының жалпы айналымы 100 млн теңгеден асады.

Соттың санкциясымен күдіктінің мүлкіне және криптовалюта аккаунтында сақталған заңсыз өндірілген цифрлық активтеріне тыйым салынды.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында цифрлық активтер мен майнингті заңмен реттеп, криптобиржаларды одан әрі дамыту ісін жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Қаржылық мониторинг агенттігінің істері бойынша 2024 жылы цифрлық активтердің заңсыз айналымы саласында 7 үкім шығарылды, олар  бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қылмыстық жолмен алынған құны 1.2 млрд теңгеден асатын мүлікке тыйым салынды. 

Қаржылық мониторинг агенттігі осы бағыттағы жұмысты жалғастыратын болады.

Құрметті азаматтар!                       

ҚМА «Қазақстан Республикасының цифрлық активтер туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында цифрлық майнинг қызметі лицензиялауға жататынын, қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді шығару және оның айналымы, сондай-ақ осыған ұқсас биржалар қызметі «Астана» Халықаралық қаржы орталығы аумағында ғана жүзеге асырылылатынын хабарлайды.   

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив