Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
455.63 507.89 5.65

Қазақстан Елшісі Албания Президентіне сенім грамоталарын табыс етті

18-09-2024, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Елшісі Искандер Айсариев Албания Президенті Байрам Бегайға сенім грамоталарын тапсырды.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Албания арасындағы қарым-қатынастардың достық сипатын айтып, екіжақты ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға және екі елдің өзара іс-қимылын тереңдетуге бағытталған дәйекті бағытты сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен бірге сұхбаттастар екіжақты сауда-экономикалық өзара іс-қимылда, әсіресе туризм, көлік және логистика салаларында тиімді ынтымақтастық үшін айтарлықтай әлеуеттің бар екенімен келісті.

Кездесу соңында Албания Президенті Қазақстан Елшісін қызметке кірісуімен жылы құттықтап, қазақ-албан қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуда үлкен табыстар тіледі. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив