Cемей-15°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Халықаралық Аралды құтқару Қоры Басқармасының қатысушы мемлекеттері бірлескен 6 шешімге қол қойды

19-09-2024, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада Халықаралық Аралды құтқару Қоры Басқармасының отырысы өтті. Жиынға Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және бақылаушы ел ретінде Қырғызстан делегациялары қатысты. Отырыс қорытындысы бойынша тараптар бірлескен 6 шешімге қол қойды.

Атап айтқанда, Қазақстанның 2024-2026 жылдар аралығында төрағалығы кезінде ХАҚҚ Атқару комитетінің жұмыс жоспары бекітілді, құжат 10 түрлі бағыт бойынша 40-қа жуық іс-шараны қамтиды. Сондай-ақ екі ірі өңірлік жоба: Арал теңізі бассейні елдеріне көмек көрсету жөніндегі іс-қимыл бағдарламасы мен Орталық Азиядағы орнықты даму үшін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өңірлік бағдарламаны іске асыру нәтижелері қаралды.

Отырысқа қатысушылар ХАҚҚ ұйымдық құрылымы мен шарттық-құқықтық базасын жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының қызметін жеке қарастырды. Тараптар осы айдың басында Астанада өткен жұмыс тобының 12-ші отырысының қорытындысын талқылады.

Сондай-ақ, Дүниежүзілік банкпен бірлескен Орталық Азия елдерінің гидрометеорологиялық қызметін жаңғырту жобасының қорытындысы шығарылды. Бұдан бөлек, ХАҚҚ елдері Қазақстан мен Франция бірлесіп өткізетін «Бірыңғай су» саммитіне қатысатындарын растады.

«Қазақстан ХАҚҚ-қа енді төрағалық ете бастағанына қарамастан, қазірдің өзінде нәтиже көрініп тұр. Жақында Астанада Қордың нормативтік-құқықтық базасы мен институционалдық құрылымын жетілдіру жөніндегі өңірлік жұмыс тобының отырысы өтті. Барлық елдер жемісті жұмыс жасады, ХАҚҚ басқару құрылымы мен құқықтық базасын жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын берді. Барлық тараптар іс–шараның қорытындысына риза»,-деді Тәжікстанның Энергетика және су ресурстары министрлігінің Су-энергетикалық саясат, ғылым мен техниканы дамыту бас басқармасының басшысы Далер Абдуразокзода.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив