Cемей-15°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

АЭХА: ҚР ҰЯО ИВГ.1М реакторын төмен байытылған отынға конверсиялау жұмыстарынының нәтижелерін көрсетті

20-09-2024, 17:52 018.kz

2024 жылғы 18 қыркүйекте АЭХА Бас конференциясының 68-ші кезекті сессиясы аясында «Minimizing highly enriched uranium (HEU) in Kazakhstan» сайд-ивенті өтті.

Іс-шарада Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының реакторларын конверсиялау мәртебесі туралы ақпарат берілді.

2023 жылы Қазақстанда АҚШ Энергетика министрлігінің қолдауымен ИВГ.1М реакторын төмен байытылған отынға конверсиялау жұмыстары табысты аяқталды. Жобаны іске асыру барысында реактордың бірқатар жүйелері жаңғыртылып, оның пайдалану сипаттамалары жаңартылды. Бұл тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемдік қоғамдастық үшін елеулі жетістік, біздің еліміздің таратпау режимін нығайтуға және ядролық қауіпсіздікті арттыруға бейілділігін растау.

Сондай-ақ, ҚР Ұлттық ядролық орталығы ИГР реакторының сәулеленген ЖБУ-отынын сұйылтудың және иммобилизациялаудың бірегей технологиясын әзірлеу бойынша жұмыстардың нәтижелері, сондай-ақ осы технологияны апробациялау және іске асыруға дайындық бойынша ағымдағы жетістіктер ұсынылды.

Көп жылдық жұмыстың қорытындысы бойынша технология Айдахо ұлттық зертханасының, Селлафилд атом кешенінің мамандарының және АЭХА сарапшыларының мақұлдауына ие болды. АЭХА берген сараптамалық қорытындыда технологияның бірегейлігі мен оның іргелі сенімділігі атап көрсетілген. Бұл технология ЖБУ-ды азайту бағдарламасына қатысатын басқа елдерде отынның осындай түрлері үшін пайдаланылуы мүмкін. Бұл міндетті іске асыру ядролық қаруды таратпау ісіндегі маңызды жетістік болып табылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив