Орталық мемлекеттік органдар арасында республикалық cпартакиада өтті
Елордада Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Туризм және спорт министрлігінің бастамасымен орталық мемлекеттік органдар қызметкерлері арасында республикалық спартакиада өтті.
Спорттық іс-шара Агенттіктің мемлекеттік қызметшілердің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспары аясында ұйымдастырылды. Спартакиада мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, олардың бойында тәртіп, ерік-жігер және командалық рух сынды қасиеттерді дамыту.
20-22 қыркүйек аралығында орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлері «Qazaqstan» жеңілатлетикалық спорт кешенінде 7 спорт түрі бойынша бақ сынасты. Жарысқа барлығы құрамында 900-ге жуық мемлекеттік қызметшіні қамтитын 27 команда қатысты.
Жалпы командалық есеп бойынша бірінші орынды – ҚР Парламенті, екінші орынды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, үшінші орынды – ҚР Сот әкімшілігі, ал төртінші орынды ҚР Туризм және спорт министрлігінің командасы иеленді.
Жекелеген спорт түрлері бойынша жеңімпаз бен жүлдегерлер:
Шахмат
1 орын - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
2 орын -ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
3 орын - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Футзал
1 орын-ҚР Қаржы министрлігі
2 орын-ҚР Президентінің Іс басқармасы
3 орын-ҚР Көлік министрлігі
Қазақ күресі
1 орын-ҚР Туризм және спорт министрлігі
2 орын-ҚР Қаржы мониторингі агенттігі
3 орын-ҚР Президенті Әкімшілігі
Тоғызқұмалақ
1 орын-ҚР Парламенті
2 орын-ҚР Туризм және спорт министрлігі
3 орын-ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Волейбол
1 орын-ҚР Ұлттық экономика министрлігі
2 орын-ҚР Сот әкімшілігі
3 орын-ҚР Парламенті
Үстел теннисі
1 орын-ҚР Парламенті
2 орын-ҚР Қаржы министрлігі
3 орын-ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
Қол күресі
1 орын-ҚР Туризм және спорт министрлігі
2 орын-ҚР Парламенті
3 орын - ҚР жоғары аудиторлық палатасы
Спартакиада қорытындысы бойынша жеңімпаздарға кубоктар, медальдар және естелік дипломдар табыс етілді.