Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар12°С
480.5 534.22 5.18

Қазақстан музей конгресі: 12 елден 100-ден астам зерттеуші қатысты

Бүгін, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Музейінің 10 жылдығына арналған Қазақстан музей конгресі өтті.

Іс-шараға Әзербайжан, Армения, Венгрия, Иран, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан және Францияның 100-ден астам музей қызметкері мен зерттеушілері қатысты.

Конгресс жұмысына ТҮРКСОЙ Музейлер кеңесінің халықаралық сарапшылары, қатысушы елдердің жетекші ұлттық музейлерінің басшылары, ЮНЕСКО жанындағы Ұлттық комиссия мен халықаралық өнертанушылар қауымдастығының мүшелері, ғалымдар, көрнекті қоғам қайраткерлері мен жетекші музей қызметкерлері, студенттер қатысты.

Мәдениет және ақпарат министрінің конгресс қатысушыларына арналған құттықтау хатын кеңесші Шерхан Талап оқып берді.

Аида Балаева Қазақстан музей конгресі отандық музей ісін дамытуға, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін бірегей алаң екенін атап өтті.

Конгресс аясында пленарлық отырыстар, ғылыми-практикалық конференция, дөңгелек үстелдер мен семинар-тренингтер өтті. Мұражайдың мәдени-білім беру қызметінің өзекті мәселелері және оны іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.

Конгресс алыс-жақын шетелдерден келген музей басшыларымен меморандумға қол қою рәсімімен аяқталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив