Cемей29°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
465.19 536.55 5.61

Дархан Қыдырәлі Әзербайжанның Сыртқы істер министрімен кездесті

10-03-2023, 10:37 Думан Кенжеғазыұлы

Джейхун Байрамов екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жоғары екенін атап өтіп, қарым-қатынас халықаралық ұйымдар аясында да қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды.
 
Өз кезегінде Дархан Қыдырәлі Әзербайжан халқына жылы қабылдағаны үшін алғыс білдірді.

"Өзіңіз білетіндей, Әзербайжан - Қазақстанның негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі. Біздің елдеріміз арасындағы қарым-қатынас сенімді және достық сипатқа ие. Әзербайжан Республикасымен саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа салалардағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту біздің сыртқы саясатымыздың маңызды басымдықтарының бірі саналады. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың өткен жылы Әзербайжанға жасаған ресми сапары соның айқын мысалы, - деді Д. Қыдырәлі.

Сонымен бірге Дархан Қыдырәлі екі ел арасында медиа және жастар саласында тығыз қарым-қатынас орнап отырғанын айтты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив