АЭС бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен кездесулер жалғасуда
2024 жылдың 24 қыркүйегінде Кәсіподақ күні қарсаңында Абай облыстық кәсіподақ орталығының төрағасы Зәуреш Исабаева мен орталықтың заңгері Ержан Разбеков, облыстық маслихат депутаты, «Еңбек» депутаттық тобының мүшесі Эльзира Жунусова және «Қазақстандық салалық мәдениет,спорт,туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ Абай облыстық филиалының төрағасы Гүлнар Оразбекова "Жидебай Бөрілі" Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайы " РМҚК бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында екі мәселе қарастырылды. Бірінші мәселе бойынша облыстық кәсіподақ орталығының төрағасы, облыстық халықтық штаб мүшесі Зәуреш Рамазанқызы Мемлекет басшысы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында елімізде атом электр станциясын салуға байланысты ағымдағы жылдың 6 қазанында өтетін бүкілхалықтық референдумды өткізу Жарлығына сәйкес, Республикада Халықтық штаб құрылғаны туралы айтып өтті. Сонымен қоса құрамында жүзге жуық адам кіретін Абай облысында да осындай штаб құрылып, атом электр станциясының құрылысына қатысты мәселелерді түсіндіру жұмыстарының өтіп жатқанын және АЭС тың салынуы тәуелсіздігімізді сақтап қалу үшін, жаңа кәсіпорындар ашу үшін, елімізге инвестиция тарту үшін, жастардың болашағы үшін өте қажет деп атап өтті.
Ал облыстық маслихат депутаты, «Еңбек» депутаттық тобының мүшесі Эльзира Жунусова Қазақстандық техникалық ЖОО түлектерінің әрқайсысы АЭС құрылысына қатысуға және отандық атом индустриясында қызметкер болуға нақты мүмкіндік алатынын, жобаны іске асыру кезеңінде 8 мыңға жуық жұмыс орны құрылатынын, станцияның жұмысы кезінде 2 мың адам жұмыспен қамтылатынын, сондай-ақ, АЭС-дағы әрбір қосымша қызмет көрсету салаларында 10 мыңға дейін жұмыс орнын ашылатынын, бұл еңбек нарығына айтарлықтай оң әсер ететінін атап өтті.
Кездесуді одан әрі жалғастырып, екінші мәселеге көшіп, облыстық кәсіподақ орталығының заңгері Ержан Разбеков пен облыстық филиалдың төрағасы Гүлнар Оразбекова кәсіподақ мүшелерінің қойған сұрақтарына жауап беріп, әлеуметтік-еңбек қатынастары, еңбекті қорғау және әлеуметтік кепілдіктер мәселелерін реттеу бойынша құқықтық кеңес берді.