Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі консультативтік-кеңесші органның отырысын өткізді
2024 жылдың 25 қыркүйегінде құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай – ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырысқа Абай облысы үкімдерінің орындалу заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының, әкімдіктің дербес бөлімдерінің, мансап орталығының, Абай облысы бойынша қылмыстық – атқару жүйелері департаментінің № 19, № 20, № 21 мекемелерінің, Семей қаласының Затон, Орталық, Әуезов аудандарының пробация қызметінің және Семей қаласының жергілікті полиция қызметі бөлімінің өкілдері қатысты.
Отырыстың күн тәртібіне сәйкес № 19, 20, 21 мекемелері басшылығының Абай облысы денсаулық сақтау басқармасымен, білім, дене шынықтыру және спорт, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерімен бас бостандығынан айыруға сотталғандардың еңбек және тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша бірлескен қызметі туралы Абай облысы қылмыстық – атқару жүйесі Департаментінің №19, 20, 21 мекемелерінің өкілдері сөз сөйледі. Сөз сөйлеушілер сотталғандардың мәдени және физикалық дамуын қолдау үшін атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндады.
Сондай – ақ, білім, дене шынықтыру және спорт, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің, Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының басшылары түзету мекемелерімен бірлескен жұмыстары туралы қатысушыларды ақпараттандырды.
Отырыстың екінші сұрағы бойынша Абай облысы қылмыстық – атқару жүйесі Департаменті Семей қаласының Әуезов Орталық және Затон аудандарының пробация қызметінің бастықтары пробация қызметінің жұмысы туралы хабарлады.
Қарастырылып отырған мәселелер бойынша пікір алмасуды ескере отырып, оларды шешу бойынша тапсырмалар берілді.