Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
441.91 499.05 5.3

Көкпекті аудандық аурухансында гемодиализ бөлімі ашылады

10-03-2023, 12:42 Думан Кенжеғазыұлы

Жақында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың тапсырмасымен Көкпекті аудандық ауруханасы ішінен заманауи медициналық гемодиализ қондырғыларымен жабдықталған орталық ашылмақ.


Енді науқастар қалаға бармай-ақ, аудандық аурухананың көмегіне жүгіне алады.


«Гемодиализ аппараты адам қанын сүзгілердің көмегімен тазартады. Сонымен бірге ол жасанды бүйрек қызметін атқарады. Тағы да бір ерекшелігі – жүрек-қан тамырларының гемодиализ кезіндегі асқынуларын азайтады»,- дейді Семей қаласындағы бүйрек ауруларын емдеу орталығының директоры Думан Медеуұлы.

Сонымен қатар, ауданға Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Таңатарова мен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Абай облысы бойынша филиалының директоры Ғалымжан Әбілов да арнайы жұмыс сапарымен барып, аудандық аурухана мамандарымен кездесті.


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив