Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.17 550.06 4.93

Әкім Водный, Восход кенттерінің тұрғындарымен кездесті

28-09-2024, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Водный және Восход кенттерінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде инфрақұрылымдық мәселелер, соның ішінде ауыз су мәселесі басты назарға алынды.

2023 жылы осы екі кентте су құбыры желілерін салу жұмыстары басталып, жоба «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Жобада ұзындығы 36 км құрайтын су құбыры желісін тарту көзделген. Нәтижесінде тұрғындар таза ауыз сумен толық қамтамасыз етіледі деп күтілуде.

Кездесу барысында тұрғындардың негізгі сұрағы – ауыз судың нақты қашан берілетіні болды. Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жандос Қайырғановтың айтуынша, Водный кентінде су қазан айында, ал Восходта қараша айында беріледі.

Сонымен қатар, тұрғындар жолдардың жөнделуі, көшелердің жарықтандырылуы сияқты маңызды мәселелерді де көтерді. Қала әкімі барлық сұрақтарға жауап беріп, тұрғындардың ұсыныстары жоспарға енгізілетінін атап өтті.

Айта кету керек, биыл Водный кентінде Семипалатинская және Республиканская көшелерінде жол профилдеу жұмыстары жүргізіліп, 4 жаңа аялдама бекеті орнатылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив