Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
519.51 611.83 6.6

Астанада Аqyl Battle CUP зияткерлік турнирінің финалы өтті

28-09-2024, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен 27 қыркүйек күні еліміздегі ең танымал зияткерлік сайыстардың бірі – «Aqyl Battle CUP» финалы өтті.

Зияткерлік сайыс «Тіл тағдыры – ел тағдыры» жобасы аясында 14-35-ке толған жастар арасында ұйымдастырылған.

Жоба мақсаты – жастардың білімге деген құштарлығын арттырып, шығармашылық пен зияткерлік дамуға жол ашу.

Облыстарда сайыстың іріктеу кезеңіне 1500 адам қатысты.

Финалға 23 команда жолдама алды. Биыл алғаш рет Өзбекстан Республикасының ең танымал «Zakovat» зияткерлік ұйымынан «Зиялы жастар» командасы да қатысып, қазақ тілінде білімін сынады.

Нәтижесінде Бас жүлдені Шығыс Қазақстан облысының командасы жеңіп алды. Бірінші орын Қызылорда облысының ойыншыларына, екінші орын ақмолалықтарға бұйырды. Ал қола кубокты Атырау облысының зияткерлері еншіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив