Көкпекті ауданының әкімі «Елім-ай Көкпекті» ЖШС жұмысымен танысты
Аудан әкімі Әділет Нұрсағатұлы ауданның агроқұрылымдарымен танысуды Көкжайық ауылдық округінде жалғастырды.
Көкжайық ауылдық округінде аудан басшысы ауданымыздағы үлкен шаруа қожалықтарының бірі «Елім-ай Көкпекті» ЖШС болып, бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты.
«Елім-ай Көкпекті» ЖШС мал шаруашылығынан қатар өсімдік шаруашылығын да дамытып отыр. Күзгі егін жинау науқанының қызған шағында өз ісінің нағыз шебері, заманауи технологияларды пайдаланып отырған Болат Миғражұлы аграрлық саланы дамыту жолдары, ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселелер туралы пікір ойларын айтты.
«Елім-ай Көкпекті» ЖШС бүгінгі күні 5 мың басқа арналған бордақылау алаңы бар. Өткен жылдан бастап «Елім-ай Көкпекті» ЖШС облысымызда тұңғыш болып Өзбекстан еліне 700 бас ірі қара экспорттады. Аудандағы жаңа бастап келе жатқан және шағын шаруа қожалықтары соңғы жылдары малдарды қалаға апарып өткізбей, тікелей осы «Елім-ай Көкпекті» ЖШС-не келіп өткізуде. Бұл жаңа бастап келе жатқан және шағын шаруа қожалықтарына өте тиімді.
Өсімдік шаруашылығы да «Елім-ай Көкпекті» ЖШС дұрыс жолға қойылған. Шаруа қожалықта соңғы жылдары жемшөп дақылдарын суаруға арналған суару жүйесі енгізіген. Қазіргі таңда «Елім-ай Көкпекті» ЖШС суармалы жерлер - 1563,2 га құраса, алдағы уақытта тағы 1970 га жерді суармалы қылу бойынша жұмыстар атқарылуда.