Көкпекті ауданының әкімі Теректі және Шұғылбай ауылдық округтеріндегі шаруа қожалық жұмыстарымен танысты
Бүгін Көкпекті ауданының әкімі Әділет Нұрсағатұлы ауданның агроқұрылымдарымен танысуды Шұғылбай және Теректі ауылдық округтерінде жалғастырды.
Шұғылбай ауылдық округінде «Салтанат», «Самур» және «Қажымұқан» шаруа қожалықтарында болып, бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. Бұл шаруа қожалықтары өсімдік және мал шаруашылығын қатар дамытып отыр. Күзгі егін жинау науқанының қызған шағында өз ісінің нағыз шеберлерімен аграрлық саланы дамыту жолдары, ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселелер туралы пікір алмасып, талқылау жасады. Аудан басшысы биылғы молшылық жылында шаруалардың қамбасы алтын дәнге толып, ел ырысы молая берсін деген тілек білдірді.
Теректі ауылында Әділет Қожанбаев «Өтей» шаруа қожалығының базасымен танысты. Шаруа қожалық басшысы Ерлан Ниязбаев шаруашылықтың бүгінгі жағдайы туралы ақпарат беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ, Көкпекті ауданындағы білікті мамандардың бірі, агроном Қуаныш Қизатоллаұлымен бірге саладағы бірқатар өзекті мәселелер туралы талқылау жасады.