Көкпектіде қоныс аударушылар үшін барлық жағдай жасалған
Мемлекеттік көші-қон бағдарламасымен Көкпекті ауданына қоныстанған отбасылар аудан өміріне тығыз аралысып кетті. Олардың бірі Махмуд Нурбаевтың жанұясы. Түркіменстан Республикасынан көшіп келген қазақ ұлтының өкілі Махмуттың отбасында 3 адам бар.
Абай облысы Көкпекті ауданына көшуді ұйғарған отбасы қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтініш беріп, комиссия оң шешімін шығарды. Көшуге берілетін, тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығындарды өтеуге материалдық көмек алды.
Көшуге субсидиялар төлеу бойынша көрсетілетін қызметтерге жылдық есепке бекітілген соманы иеленіп, тұрғын үй сатып алды. Көкпекті ауданының мансап орталығымен жұмысқа орналасуға көмек көрсетілді. Казіргі уақытта Махмуд Нурбаев «Күміс жас» жобасы аясында «Қарақас» шаруа қожалығында тракторшы болып жұмыс істейді.
Г. Айдарова, Көкпекті аудандық мансап орталығының қоныс аудару бойынша маманы