Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Семей қаласының ХҚКО-ларында Қарттар күніне арналған шара өтті

1-10-2024, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

1 қазан күні Қазақстанда Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Мерекеге орай Мемлекеттік Корпорацияның Семей қаласы бойынша филиалы акция өткізді. Бұл күні ХҚКО қызметкерлері зейнеткерлерді құттықтап, зейнетақы куәліктерін табыстады.

Айта кетейік, күніне филиалдың фронт-офистеріне 23 жуық қызмет алушы зейнетақы тағайындау қызметі бойынша жүгінеді. Қарттар күні еліміз бойынша барлығы 800-ге жуық азамат куәлік алды. Ең көп зейнетақы куәліктері Алматы қаласында және Түркістан облысында, ал ең аз мөлшері Ұлытау облысында берілді.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Қазақстанда 2,5 миллионға жуық зейнеткер бар, олардың 100 мыңнан астамы Семейде тұрады.

Аталған қызметті алушылар зейнетақы куәліктерін тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет көрсетудің жоғары деңгейде болғандығы, сондай-ақ ыңғайлы сервистер арқылы жүзеге асқандығы жайлы айтты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив