БҚО-да полицейлер тіркелмеген 14 қаруды тәркіледі
Облыс бойынша қару мен оқ-дәрілерді заңсыз айналымнан алуға бағытталған “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Сондай-ақ оның иелерінің тіркелген қаруды сақтауға қойылатын талаптардың сақталуына тексеру жүргізіліп жатыр.
“Қару” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында заңсыз айналымнан 14 бірлік тегіс ұңғылы атыс қаруы, 1 мылтық қаруы, 1 травматикалық, 1 пневматикалық және 2 газ тапаншасы, сондай-ақ 2 пневматикалық мылтық тәркіленді.
– Бұдан басқа 12-калибрлі 321 патрон, 16-калибрлі 236 патрон және 34 гильза, 5,6 мм калибрлі 20 патрон, 9 мм калибрлі 7 патрон, 9-калибрлі 7 травматикалық патрон, 5,45 калибрлі 39 патрон, 7,62 калибрлі 2 патрон, 4-қолдан жасалған патрон, сондай-ақ салмағы 2 келі болатын 3 пакет және бір қорап мылтық тәркіленді, – деді полиция БҚО ПД баспасөз қызметкері Дариға Мажитова.
Қару иелерінің тұрғылықты жері бойынша жеке тексерулер жүргізу барысында қаруды тиісінше сақтамағаны үшін ӘҚБтК-нің 484-бабы (Азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидаларын бұзу) және ӘҚБтК-нің 486-бабы (Азаматтық, қызметтiк, марапаттық, коллекциялық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзу) бойынша 79 қару иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.