Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.26 506.7 5.58

«Әділет» партиясы Көлік колледжінің ұжымына өңірлік бағдарламасын таныстырды

Бүгін, 20:00

«Әділет» партиясының өкілдері Семей қаласындағы Көлік колледжінің ұжымымен кездесіп, 2026–2031 жылдарға арналған өңірлік сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын таныстырды.

Кездесуде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, еңбек нарығына қажетті мамандар даярлау, техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыру, жастарды жұмыспен қамту мәселелері талқыланды.

Думан Орынбеков бағдарлама аясында 2031 жылға дейін 5 200 орындық 8 мектеп, 300 орындық көпбейінді және 200 орындық балалар ауруханасын салу жоспарланғанын айтты.

Ербол Түскенов жол инфрақұрылымын дамыту мен жастарды жұмыспен қамтуға тоқталды. Бағдарламада 678 шақырым жолды жөндеу, жыл сайын 450 жасты «Жастар тәжірибесі» арқылы жұмыспен қамту және 1 000 жасты «Жасыл ел» жобасына тарту көзделген.

Мұхит Тұрсынов бұқаралық спортты дамыту бағытында 3 спорт кешенін, 9 спорт модулін және 3 бассейн салу жоспарымен бөлісті.

Мирас Малғаждаров ауылдарды сапалы интернетпен және тұрақты мобильді байланыспен қамту, цифрлық инфрақұрылымды жетілдіру мәселелерін көтерді. Сондай-ақ Семейде бейнебақылау жүйесін 2 194 камераға дейін кеңейту және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жасанды интеллект технологияларын енгізу жоспарланғанын атап өтті.

Кездесу соңында «Заң мен тәртіп», «Адал азамат» және «Таза Қазақстан» қағидаттарын жүзеге асыру, халықпен кері байланысты нығайту және қоғамдық бақылауды күшейту мәселелері талқыланды.

Қатысушылар өңірдің дамуы ең алдымен жүзеге асырылған жобалардың тұрғындар өміріне тигізетін нақты нәтижесімен бағалануы тиіс екенін атап өтті.

Дайындады: «Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының баспасөз қызметі.
 
Тапсырыс беруші: Ибраев А.М.
 
Абай облысы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив