Тамара Дүйсенова азаматтарды қабылдауды өткізді
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова министрліктің қоғамдық қабылдауында Астана, Алматы және Қостанай облысының 4 азаматымен онлайн кездесу өткізіп, өтініштерін қарастырды.
Қазақстандықтар министрге мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша үйлестіру кеңесінің құрамын қайта қарауды, еңбек өтілі бойынша зейнеткерлерге берілетін жеңілдіктерді кеңейтуді, зиянды және қауіпті салада жұмыс істейтін азаматтарға зейнет жасын төмендетуді сұрады.
Сондай-ақ теміржол саласындағы зиянды еңбек жағдайлары, инватакси қызметі мен мүгедектігі бар адамдарға автотұрақ бөлу мәселелері бойынша шағымдар қаралды.
Тамара Дүйсенова азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, олардың өтініштеріне толықтай жауап берді. Қарауға қосымша уақытты талап ететін мәселелерді министр жеке бақылауына алып, ҚР ЕХӘҚМ тиісті департаменттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шеңберінде оларды шешуде көмек көрсетуге тапсырма берді.