ҚТЖ-да өндірістік қауіпсіздік көрсеткіштері жақсарды
«Самұрық-Қазына» АҚ-да Болат Жәмішевтің төрағалығымен Қоғамдық кеңестің кезекті ашық отырысы өтті. Кездесу тақырыбы – Қор компаниялары тобындағы өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау.
Отырысқа қазақстандық қоғам белсенділері, саясаткерлер мен сарапшылар қатысты. Самұрық-Қазына Қор компанияларының, оның ішінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшыларына қызметкерлер қауіпсіздігі үшін дербес жауапкершілік жүктегені атап өтілді. Бұл туралы Самұрық-Қазына қоғаммен байланыс, әлеуметтік еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов айтып берді.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ - да өндірістік қауіпсіздіктің жай-күйін жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Техникалық саясат департаментінің директоры – бас инженер Батыр Котырев егжей-тегжейлі айтып берді.
Сондай-ақ, ол елеулі тәуекелдерге нақты әсер ететін техникалық - технологиялық бағыттағы нысаналы бағдарламалық шаралар бойынша жұмыстарды жалғастыру туралы – 2022-2026 жылдарға арналған өліммен аяқталатын жазатайым оқиғалардың алдын алу және 2021-2025 жылдарға арналған электротравматизмнің алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы айтты.
Басқа шаралардың қатарында - жаңа буын локомотивтерінде айналмалы бөлшектер мен кернеулі жабдықтар орналасқан жерлерде LOTO жүйесінің элементтері (құлыптау және қорғау) орнатылған. Қозғалыстағы локомотив жабдықтарын ішкі тексеру функциясы және тағы басқалар алынып тасталды. Сондай-ақ, жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша пәрменді құралдардың бірі қауіпті жағдайлар мен қауіпті әрекеттерді анықтау бойынша Мінез-құлық қауіпсіздік диалогтарын (МҚД) жүргізу, қауіпті жұмыстарды тоқтату құқығын пайдалану болып табылады.
МҚД проактивті құралын қолданғаны үшін өндірістік персонал арасынан 16 млн.теңгеден астам сомаға 384 қызметкер көтермеленді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Екібастұз локомотив пайдалану депосы техникалық қызмет көрсету пунктінің аға шебері Алмас Мұратқалиұлы Гимадиев бүкіл отбасымен шетелге туристік сапарлау жолдамасымен көтермеленді.
«Адам факторының» әсерін шектейтін техникалық шаралардан басқа, барлық деңгейдегі менеджерлерді, өндірістік персоналды қауіпсіздікке оқыту мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. 2022 жылы заңнамалық талаптардан тыс, NEBOSH, IOSH, DEFENSIVE DRIVING (қауіпсіз жүргізу) бағдарламалары мен курстары бойынша сыртқы сарапшылармен 529 адам оқытылды. Компанияның ішкі жаттықтырушыларымен 22 446 адамға арналған өндірістік қауіпсіздіктің ішкі стандарттары бойынша оқыту жүргізілді.
Сондай-ақ, 2023 жылға Қордың ұсынымдарына сәйкес желілік және өңірлік басқару деңгейлеріне каскадталған 4 индикатордан (оның ішінде 2 проактивті) тұратын өндірістік қауіпсіздік бойынша жаңа KPI белгіленді. 2020 жылдан бастап жұмыс істеп тұрған Өндірістік қауіпсіздіктің автоматтандырылған интеграцияланған жүйесі (ӨҚИЖ) компанияның әрбір бөлімшесі бойынша онлайн режимде тиімділіктің проактивті құрамдас бөліктеріне ПӘК (қатысу және танысу) мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.
ҚТЖ-да қауіпсіздік мәдениетін дамыту және өндірістің технологиялық деңгейін арттыру стратегиялық басымдық ретінде белгіленгені атап өтілді.