Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
518.07 595.21 6.37

Мәжіліс сот жүйесін реформалау туралы заң жобасын қарайды

5-10-2024, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Депутаттардың талқылауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда қарау ұсынылады.

Парламент депутаттары бастамашы болған түзетулер Мемлекет басшысының сот жүйесін реформалау жөніндегі бірқатар тапсырмасын іске асыруға бағытталған. Заң жобасы аясында Қылмыстық-процестік кодекске, Азаматтық процестік кодекске, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске және басқа да заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Сонымен қатар Мәжіліс Қазақстан мен Қатар арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын жұмысқа қабылдайды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив