Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Соңғы 5 жылда алғаш рет Аралға су жіберу жоспары 100%-ға жуық орындалды

9-10-2024, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Биыл соңғы 5 жылда алғаш рет вегетация кезінде Арал теңізіне су жіберу жоспары 100%-ға жуық орындалды. Жалпы 977 млн текше метр су жіберілді. 

Соңғы жылдары теңізге 350-400 млн текше метр су келіп отырса, биылғы жылдың басынан бері бұл көлем 2 млрд текше метрден асты, ал жыл соңына дейін тағы шамамен 500 млн жіберу жоспарланып отыр.

«Бүгінгі таңда Солтүстік Арал теңізінің су көлемі 22 млрд текше метрге жетті. Теңізге осыған дейін вегетация кезінде секундына 7-10 текше метр су жіберілген болса, биыл секундына 60-70 текше метр су жіберілді», — деп мәлімдеді Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Зейнулла Қазтоғанов. 

Бұдан бөлек, Ақшатау-Сорғақ және Қамыстыбас көлдер жүйесіне 45 млн текше метрден астам су жіберілді. Бұл балық шаруашылығы мен туризімді дамытуға тиімді әсер етіп отыр. Мәселен, соңғы жылдары Арал теңізінің минерализациясы азайып, балықтың көбейуіне жағымды әсер етуде. Теңіз тартылғаннан бері жергілікті балықшылар жылына 400 тонна ғана балық ауласа, қазір 7,5-8 мың тоннаға дейін балық аулайды.  

76 жастағы Қаратерең ауылының тұрғыны, балықшы Күнтуған Тұрғанбаев өмір бойы осы кәсіппен айналысып келеді. Оның айтуынша, туған өлкеге су келгелі жаңа мүмкіндіктер пайда болған.

«Көзімізді ашқаннан теңізден балық аулаумен айналысып келеміз. Су келгелі балық та жанданып, дарияға кіріп жатыр. Биыл былтырғыға қарағанда балық көбірек. Аралды осы деңгейде ұстап тұрса, балық шаруашылығы дамиды», — дейді ол.

Осы ретте Су ресурстары және ирригация министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп Солтүстік Арал теңізін сақтау жөніндегі жобаның екінші кезеңіне дайындалып жатыр. Қазіргі уақытта жоба бойынша қажетті құжаттама әзірленуде. Екінші кезең Солтүстік Аралды тұрақты сумен қамтамасыз етуден бастап экономикалық және әлеуметтік жобаларды дамытуға дейінгі түрлі бағыттарды қамтиды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив